ҚазҰМУ қызметкерлері Душанбедегі халықаралық неврология конгресіне қатысты
24–25 маусымда Тәжікстан астанасында «Заманауи нейроғылым және клиникалық неврология: ғылым мен тәжірибенің интеграциясы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конгресс өтті. Ауқымды шара Тәжікстан Республикасы Мемлекеттік тәуелсіздігінің 35 жылдығына және «Нейрон» неврологтар қауымдастығының 20 жылдығына орайластырылды
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында дәрігер-резиденттерге арналған дәрістер циклі өткізілді
2026 жылғы 18–26 маусым аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан медицина академасының Неврология, психиатрия және реабилитология кафедрасында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Жүйке аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD, дәрігер-невролог Радмила Тимсонқызы Цойдың қатысуымен дәрігер-резиденттерге арналған дәрістер мен практикалық сабақтар циклі өткізілді
Дүниежүзілік инсультқа қарсы күрес ұйымының (WSO) президенті ҚазҰМУ ғалымдарының халықаралық конгресті ұйымдастыруға қосқан үлесін жоғары бағалады
Дүниежүзілік инсультқа қарсы күрес ұйымының (World Stroke Organization, WSO) президенті, профессор доктор Джейарадж Д. Пандиан өзінің мамыр айындағы ресми есебінде Алматыда өткен ауқымды халықаралық конгресті айдың басты оқиғаларының бірі ретінде атап өтіп, оны ұйымдастыруға өлшеусіз үлес қосқан ҚазҰМУ-дың жүйке аурулары кафедрасының қызметкерлеріне зор алғысын білдірді
Мейірімділік миссиясы: ҚазҰМУ-дың жүйке аурулары кафедрасының резиденттері қоғамға қызмет етудің ең жоғары үлгісін көрсетті
2026 жылғы 21 маусым ауқымды әрі терең гуманистік мәнге ие іс-шараның – «Мүгедектігі бар адамдарға арналған III балық аулау турнирінің» өтуімен есте қалды. Аталған шараны «Эгида Social» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды