Альцгеймер ауруы мен деменция туралы ақпараттандыру күні

2025 жылғы 30 қыркүйекте Алматы қаласында

Альцгеймер ауруы мен деменция туралы ақпараттандыру күні өтеді

Уақыты: 11:00–15:00
Өтетін орны: С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Мекенжайы: Төле би көшесі, 94/1 (Төле би – Масанчи көшелерінің қиылысы) Интро 7, Қарақұлов Ишанбай Қарақұлович атындағы №6 дәріс залы

Бағдарламада: мамандардың қысқа дәрістері, сұрақтарға жауаптар, деменцияның ерте белгілері, диагностикасы, алдын алу және отбасыларға қолдау көрсету жөніндегі практикалық материалдар ұсынылады.

Іс-шараға науқастардың туыстары мен күтушілері, бастапқы буын дәрігерлері мен мейірбикелері, сондай-ақ барлық қызығушылық танытқан азаматтар шақырылады. 

Ұйымдастырушылар: 

·        Қазақстан Деменция және Альцгеймер Ауруы Альянсы (KA&DA)

·        Қазақстан Республикасының неврологтар қауымдастығы

·        С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Жүйке аурулары» кафедрасы

·         С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Г. И. Зальцман атындағы «Психиатрия және наркология» кафедрасы

Ағымдағы оқиғалар

Өткен оқиғалар

Сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз

Мекенжай:

​​Қазақстан Республикасы,
050047, Алматы қ.,
Алатау ауданы, Ашимов к-сі, 2