Демиелинизация аурулары бар пациенттерді диагностикалау және емдеудің жаңа парадигмалары
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жүйке аурулары кафедрасы университеттің 95 жылдығына арналған практикалық денсаулық сақтау мамандарына бағытталған оқу іс-шаралар сериясын жалғастыруда.
Жүйке аурулары кафедрасының академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыруы
Академиялық мобильдік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүйке аурулары кафедрасының профессор - ассистенті Демесинова Б.К. 2025 жылдың 3 қарашасынан 8 қарашасына дейінгі кезеңде Шымкент қаласындағы «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына» «Ересектер және балалар неврологиясы» пәні бойынша 6В10101 «Жалпы медицина» факультетінің интерндеріне академиялық ұтқырлық аясында тәжірибелік сабақтар жүргізу мақсатында іс-сапарға жіберілді
Нейрооптикомиелит спектрі аурулары және миастения гравис: мәселенің қазіргі түсінігі, клиникалық шешу жолдары
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жүйке аурулары кафедрасы практикалық денсаулық сақтау мамандарына арналған, университеттің 95 жылдығына орай ұйымдастырылған білім беру іс-шаралар сериясын жалғастыруда. 13 қарашада Қызылорда қаласында 2025–2027 жылдарға арналған ҚР ДСМ-нің ересек тұрғындарға медициналық неврологиялық көмекті жетілдіру жөніндегі Жол картасын (23.01.2025 ж. №03324) іске асыру аясында практикалық денсаулық сақтау мамандарын каскадтық оқыту әдісі бойынша білім беру семинары өткізілді.
«АУЫСЫНУ: СИМПТОМНАН ДИАГНОЗҒА ДЕЙІН»
13 қарашада Астанада ауырсыну синдромдарына арналған өңірлік медициналық конференция аясында ауырсынуды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне қатысты кәсіби талқылау өтті. Іс-шараға Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен және Астана қалаларынан мамандар белсенді қатысты. Барлығы конференцияға 120 дәрігер қатысты, бұл ауырсыну мәселесіне пәнаралық проблема ретінде жоғары қызығушылық бар екенін көрсетеді.