Деменциясы бар адамдарға күтім жасау, олармен дұрыс қарым-қатынас орнату және қолдау көрсету мәселелеріне арналған *ТЕГІН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

💜 *ҚҰРМЕТТІ АЛЬЦГЕЙМЕР АУРУЫМЕН ЖӘНЕ ДЕМЕНЦИЯНЫҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІМЕН ӨМІР СҮРІП ЖАТҚАН АДАМДАРДЫҢ ТУЫСТАРЫ МЕН ЖАҚЫНДАРЫ!*

Сіздерді деменциясы бар адамдарға күтім жасау, олармен дұрыс қарым-қатынас орнату және қолдау көрсету мәселелеріне арналған *ТЕГІН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ* шақырамыз!

Альцгеймер ауруы бар жақын адамға күтім жасау оңай емес. Есте сақтау қабілетінің нашарлауы, мінез-құлықтың өзгеруі және күнделікті өмірде басқа адамның көмегіне тәуелділіктің артуы науқастың өзіне ғана емес, бүкіл отбасына әсер етеді.

💜 *Сіз жалғыз емессіз! Біз сізге қолдау көрсетуге дайынбыз!*

*Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланады:*

🟣 Деменциясы бар адаммен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек?

🟣 Агрессия, мазасыздық, ашуланшақтық және мінез-құлық өзгерістері кезінде қалай әрекет ету қажет?

🟣 Үй жағдайында қауіпсіз әрі жайлы күтімді қалай ұйымдастыруға болады?

🟣 Науқастың туыстары эмоционалдық күйзеліс пен қажуды қалай жеңе алады?

🟣 Кәсіби көмек пен қолдауды қайдан алуға болады?

👩‍⚕️ *Баяндамашы:*

*Нұржанова Роза Балтабайқызы* — медицина ғылымдарының кандидаты, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

📅 *Күні:* 2026 жылғы 11 қараша

🕚 *Уақыты:* 11:00–13:00

📍 *Өтетін орны:* Алматы қаласы, №1 қалалық клиникалық аурухана

🗣️ *Іс-шараның тілі: қазақ тілі*

💜 *Қатысу тегін!*

📞 *Алдын ала тіркелу міндетті:*
+7 702 359 22 40

*Ұйымдастырушылар:*
- Қазақстандық Альцгеймер ауруы және деменциямен күрес альянсы (KA&DA)
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасы
- Қазақстан Республикасы неврологтар қауымдастығы
- Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасы

💜 *СІЗ ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІЗ!*

Кездесуге келіп, мамандарға сұрақтарыңызды қойыңыз, өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз және күнделікті күтімге қатысты пайдалы кеңестер алыңыз.

*Осы хабарландыруды қолдауға мұқтаж отбасылар мен жақындарыңызға таратуыңызды сұраймыз!*

Бірге біз деменциясы бар адамдардың және олардың отбасыларының өмір сапасын жақсарта аламыз! 💜

Ағымдағы оқиғалар

Өткен оқиғалар

Деменция туралы хабардарлық күні
Деменция туралы хабардарлық күні

23 қыркүйек күні Алматы қаласы №1 ҚКА -да деменция туралы хабардарлық күніне арналғған іс шара өтеді 

Стивен Хокингтің құпиясы: моторлы нейрондар неге өледі?
Стивен Хокингтің құпиясы: моторлы нейрондар неге өледі?

 "Стивен Хокингтің құпиясы: моторлы нейрондар неге өледі?» AnaMedForum және Visiting Professor бағдарламасы аясында  Профессор Кутлубаев М. А. дәрісі 

 Альцгеймер ауруы мен деменциясы бар науқастардың туыстары мен күтім жасаушы тұлғаларға арналған дөңгелек үстел
Альцгеймер ауруы мен деменциясы бар науқастардың туыстары мен күтім жасаушы тұлғаларға арналған дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасында халықтың өмір сүру ұзақтығының артуына және егде жастағы адамдар санының көбеюіне байланысты деменция мен Альцгеймер ауруының таралуы тұрақты түрде өсуде. Global Burden of Disease және Alzheimer’s Disease International деректері бойынша, қазіргі таңда әлемде 57 миллионнан астам адам деменциямен өмір сүреді, ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 152 миллион адамға дейін өседі деп күтілуде.

КЛИНИКАЛЫҚ НЕВРОЛОГИЯ ЖӘНЕ НЕЙРОРЕАБИЛИТОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
КЛИНИКАЛЫҚ НЕВРОЛОГИЯ ЖӘНЕ НЕЙРОРЕАБИЛИТОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

"Қазақстанның неврологтар қауымдастығы"ҚБ және " С. Д. Асфендияров атында " Қазақ ұлттық медицина университетіКЕАҚ "клиникалық неврология және НЕЙРОРЕАБИЛИТОЛОГИЯНЫҢ өзекті мәселелері" IV Орталық Азия неврологиялық форумына қатысуға шақырылады

Сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз

Мекенжай:

​​Қазақстан Республикасы,
050047, Алматы қ.,
Алатау ауданы, Ашимов к-сі, 2