💜 *ҚҰРМЕТТІ АЛЬЦГЕЙМЕР АУРУЫМЕН ЖӘНЕ ДЕМЕНЦИЯНЫҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІМЕН ӨМІР СҮРІП ЖАТҚАН АДАМДАРДЫҢ ТУЫСТАРЫ МЕН ЖАҚЫНДАРЫ!*
Сіздерді деменциясы бар адамдарға күтім жасау, олармен дұрыс қарым-қатынас орнату және қолдау көрсету мәселелеріне арналған *ТЕГІН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ* шақырамыз!
Альцгеймер ауруы бар жақын адамға күтім жасау оңай емес. Есте сақтау қабілетінің нашарлауы, мінез-құлықтың өзгеруі және күнделікті өмірде басқа адамның көмегіне тәуелділіктің артуы науқастың өзіне ғана емес, бүкіл отбасына әсер етеді.
💜 *Сіз жалғыз емессіз! Біз сізге қолдау көрсетуге дайынбыз!*
*Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланады:*
🟣 Деменциясы бар адаммен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек?
🟣 Агрессия, мазасыздық, ашуланшақтық және мінез-құлық өзгерістері кезінде қалай әрекет ету қажет?
🟣 Үй жағдайында қауіпсіз әрі жайлы күтімді қалай ұйымдастыруға болады?
🟣 Науқастың туыстары эмоционалдық күйзеліс пен қажуды қалай жеңе алады?
🟣 Кәсіби көмек пен қолдауды қайдан алуға болады?
👩⚕️ *Баяндамашы:*
*Нұржанова Роза Балтабайқызы* — медицина ғылымдарының кандидаты, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
📅 *Күні:* 2026 жылғы 11 қараша
🕚 *Уақыты:* 11:00–13:00
📍 *Өтетін орны:* Алматы қаласы, №1 қалалық клиникалық аурухана
🗣️ *Іс-шараның тілі: қазақ тілі*
💜 *Қатысу тегін!*
📞 *Алдын ала тіркелу міндетті:*
+7 702 359 22 40
*Ұйымдастырушылар:*
- Қазақстандық Альцгеймер ауруы және деменциямен күрес альянсы (KA&DA)
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасы
- Қазақстан Республикасы неврологтар қауымдастығы
- Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасы
💜 *СІЗ ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІЗ!*
Кездесуге келіп, мамандарға сұрақтарыңызды қойыңыз, өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз және күнделікті күтімге қатысты пайдалы кеңестер алыңыз.
*Осы хабарландыруды қолдауға мұқтаж отбасылар мен жақындарыңызға таратуыңызды сұраймыз!*
Бірге біз деменциясы бар адамдардың және олардың отбасыларының өмір сапасын жақсарта аламыз! 💜