Деменциясы бар адамдарға күтім жасау, олармен дұрыс қарым-қатынас орнату және қолдау көрсету мәселелеріне арналған *ТЕГІН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

💜 *ҚҰРМЕТТІ АЛЬЦГЕЙМЕР АУРУЫМЕН ЖӘНЕ ДЕМЕНЦИЯНЫҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІМЕН ӨМІР СҮРІП ЖАТҚАН АДАМДАРДЫҢ ТУЫСТАРЫ МЕН ЖАҚЫНДАРЫ!*

Сіздерді деменциясы бар адамдарға күтім жасау, олармен дұрыс қарым-қатынас орнату және қолдау көрсету мәселелеріне арналған *ТЕГІН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ* шақырамыз!

Альцгеймер ауруы бар жақын адамға күтім жасау оңай емес. Есте сақтау қабілетінің нашарлауы, мінез-құлықтың өзгеруі және күнделікті өмірде басқа адамның көмегіне тәуелділіктің артуы науқастың өзіне ғана емес, бүкіл отбасына әсер етеді.

💜 *Сіз жалғыз емессіз! Біз сізге қолдау көрсетуге дайынбыз!*

*Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланады:*

🟣 Деменциясы бар адаммен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек?

🟣 Агрессия, мазасыздық, ашуланшақтық және мінез-құлық өзгерістері кезінде қалай әрекет ету қажет?

🟣 Үй жағдайында қауіпсіз әрі жайлы күтімді қалай ұйымдастыруға болады?

🟣 Науқастың туыстары эмоционалдық күйзеліс пен қажуды қалай жеңе алады?

🟣 Кәсіби көмек пен қолдауды қайдан алуға болады?

👩‍⚕️ *Баяндамашы:*

*Нұржанова Роза Балтабайқызы* — медицина ғылымдарының кандидаты, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

📅 *Күні:* 2026 жылғы 11 қараша

🕚 *Уақыты:* 11:00–13:00

📍 *Өтетін орны:* Алматы қаласы, №1 қалалық клиникалық аурухана

🗣️ *Іс-шараның тілі: қазақ тілі*

💜 *Қатысу тегін!*

📞 *Алдын ала тіркелу міндетті:*
+7 702 359 22 40

*Ұйымдастырушылар:*
- Қазақстандық Альцгеймер ауруы және деменциямен күрес альянсы (KA&DA)
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасы
- Қазақстан Республикасы неврологтар қауымдастығы
- Алматы қаласының №1 қалалық клиникалық ауруханасы

💜 *СІЗ ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІЗ!*

Кездесуге келіп, мамандарға сұрақтарыңызды қойыңыз, өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз және күнделікті күтімге қатысты пайдалы кеңестер алыңыз.

*Осы хабарландыруды қолдауға мұқтаж отбасылар мен жақындарыңызға таратуыңызды сұраймыз!*

Бірге біз деменциясы бар адамдардың және олардың отбасыларының өмір сапасын жақсарта аламыз! 💜

Өткен оқиғалар

"НЕВРОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ" КОНГРЕСІ: БІЛІМ БЕРУ МЕН КЛИНИКАЛЫҚ ПРАКТИКАҒА НАЗАР АУДАРУ
"НЕВРОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ" КОНГРЕСІ: БІЛІМ БЕРУ МЕН КЛИНИКАЛЫҚ ПРАКТИКАҒА НАЗАР АУДАРУ

"Клиникалық, эксперименттік неврологияның, нейрохирургияның, нейрофизиологияның өзекті мәселелері" атты XXVII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Альцгеймер ауруы мен деменция туралы ақпараттандыру күні
Альцгеймер ауруы мен деменция туралы ақпараттандыру күні

2025 жылғы 30 қыркүйекте Алматы қаласында Альцгеймер ауруы мен деменция туралы ақпараттандыру күні өтеді

Сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз

Мекенжай:

​​Қазақстан Республикасы,
050047, Алматы қ.,
Алатау ауданы, Ашимов к-сі, 2